Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық әйелдерді өзіне ғашық етіп, тақырға отырғызып кеткен альфонс сұқбат берді (видео)

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушы елорданың ауқатты әйелдерін өзіне ғашық етіп, содан кейін қалай тақырға отырғызып кеткенін айтып берді деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Владимир (есімі өзгертілген - ред.) түрмеге түскенше астанадағы қымбат мекемелердің бірінде бармен болып жұмыс істеген. Дәл сол жерде бақуатты әйелдерді уысына түсіріп отырған ол құрбандарын шоттағы сомаға қарап анықтапты.

"Әйел шотты сұраған кезде-ақ оның ауқатты не жағдайы орташа екенін білінеді, оның не нәрсеге тапсырыс беріп, не ішкенінен, өзін қалай ұстағанынан білуге болады. Бәрі әдеттегідей болды. Мен телефон нөмірімді қағазға жазып, даяшыдан үстелде отырған қызға беріп жіберуін өтінемін. Ал қағазға өз нөмірім мен "Напиши мне в WhatsApp" деп жазып жіберемін", - деді ер адам.

Владимирдің сөзінше, оған алданған қыздардың 80 пайызы мессенджерде 10-15 минуттан кейін жауап қайтарған. Содан кейін жігіт құрбандарына гүл мен сылыйқтар беріп, көңілін тауып, бірнеше күнге жоғалып кетіп отырған.

Осы кезде қыздардың өзі жігітті іздеп, ер адам ойдан құрастырылған оқиғаларын айта бастаған.

"Жай ғана мен елорданың тұрғыны емеспін, мені пәтерден шығарғалы жатыр деп айтамын. Қыздар көбінесе пәтер жалдау немесе бірге тұру сынды нұсқаларды ұсынады", - деді альфонс.

Владимир өзінің қанша қызды алдап соққанын санап көрмепті. Дегенмен ол сүйіктілерінің есебінен өмір сүріп, қымбат сыйлықтар алып отырғанын айтты.

Алайда әйелдердің ешбірі полицияға арыз жазбаған. Владимир есірткі үшін түрмеге тоғытылған.

Осы ретте психологтар әйелдердің альфонс еркектерге көзсіз сенуіне бала кездегі травмалар мен махаббаттың жетіспеушілігі себеп деп отыр. Мамандардың сөзінше, альфонсты тану қиын, дегенмен ажыратуға болады.

"Ең алдымен, адамның ақылы болып, ер адамдар тарапанынан жасалатын әрекетке назар аудару керек. Егер ер адаммен кездескеніңізге көп уақыт болмаса да, сізден ақша сұраса, онда бұл оның ниеті түзу емес екенін білдіреді", - деді АП-162/3 мекемесінің психолог-инспекторы Оксана Мирзоева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936634-astanalyq-aielderdi-ozine-gasyq-etip-taqyrga-otyrgyzyp-ketken-alfons-suqbat-berdi-video/

pixel