jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бірнеше метрге ұшырған: Алматыда жолға жүгіріп шыққан ер адамды көлік қағып кетті (фото)

    Жол апаты
    Фото: zakon.kz

    Өткен түні Алматыда жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен жүгіріп өтпек болған ер адамды көлік қағып кетті деп хабарлайды Zakon.kz.

    Жол апаты Ташкент трактында болғаны хабарланды.

    Жүргізушінің айтуынша, ол жолдың ортасында шамамен сағатына 80 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. "Апорт молл" сауда орталығына қарама-қарсы бетте алдынан ер адам жүгіріп шыққан.

    Жүргізуші соқтығысудан қашуға тырысып, тежегішті басып, көлікті бұрған. Алайда, басылымның жазуынша, жаяу жүргінші алға қарай жүгірген. Салдарынан жүргізуші оны қағып кеткен.

    жол апаты
    Фото: zakon.kz

    Соққыдан ер адам бірнеше метрге ұшып кеткен. Ол дәрігерлер келгенше көз жұмды.

    Ал көлік бордюрге соқтығысқан.

    көлік
    Фото: zakon.kz

    Жүргізушінің айтуынша, жаяу жүргіншінің қолында алкоголь бөтелкесі болған. Кейінірек, жолдан басқа көліктер жаншып кеткен коньяктың бөтелкесі табылды.

    Қазір полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

    Жол апаты
    Фото: zakon.kz

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.