Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Науқас әйелге шабуыл жасаған екібастұздық 8 жылға сотталды

Опубликовано:

Қолынан кісен салынған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодарда ауыр халдегі науқас әйелге шабуыл жасап, оның жинақтарын ұрлап кеткен ер адам сегіз жылға сотталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл 23 сәуірде Павлодардағы Бауыржан Момышұлы көшесінде көп қабатты үйде тұратын досына қонаққа барған Екібастұз тұрғыны онымен бірге спирттік ішімдіктер ішеді. Әңгіме барысында үй иесі 76 жастағы көршісінің жинақталған ақшасы бар екенін айтады.

Оның үстіне қонақты көрші тұратын зейнеткердің кіреберіс есігін кілтпен жаппайтыны қызықтырады. Өйткені, ауыр сырқаттың салдарынан көршісі өздігінен жүре алмайды, үнемі төсекте жатады, оған күн сайын медицина қызметкерлері келетіндіктен, есігі ашық тұрады.

Бірнеше сағаттан кейін Екібастұз тұрғыны мас күйінде көршінің пәтеріне бет алады. Алдын ала дайындалған бас киімді, медициналық маска мен қолғапты киіп, ол қонақ бөлмесінде төсекте жатқан әйелдің бетін көрпемен жауып, бірнеше минут бойы тұншықтырады.

Содан зейнеткерді қорқытып, ішіне пышақ тіреп, ақша талап етті. Шошынып қалған әйел жастықтың астындағы сөмкесінен бар жинаған 110 мың теңгесін алып шығады.

Алайда зиянкес бұған қанағаттанбай, құны төрт мың теңге тұратын "LG" ұялы телефонын және пәтер мен гараждың үш кілттен тұратын байламды алып, содан кейін қашып кеткен.

Полиция 39 жастағы қаскүнемді қысқа мерзімде анықтап, ұстады.

Тергеуші Данияр Дәуітбеков бұл істі зерттеп, болған оқиғаның толық көрінісін қалпына келтірді, сондай-ақ күдіктінің кінәсінің дәлелдері жиналды. Қылмыстық кодекстің 192-бабының 3-бөлігіне сәйкес аталған қылмысы үшін Екібастұз қалалық соты үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936702-nauqas-aielge-sabuyl-zasagan-ekibastuzdyq-8-zylga-sottaldy/

pixel