Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шляпа киген ер адам": Павлодарда ежелгі ғимараттағы "адам елесі" жұртты дүрліктірді

Опубликовано:

Ер адамның елесі
Павлодардағы ғимарат. Фото: NewTimes.kz/Александра Боярчук

Павлодардағы ХХ ғасырдың басында салынған ежелгі ғимарат осы күнге дейін кеңсе ретінде жалға беріліп келген. Бірақ қала ортасында орналасқан ғимарат қазіргі таңда бос тұр. Себебі, жалға алушылар онда ер адамның елесі жүретінін айтып, дабыл қаққан, деп жазады NewTimes.kz.

Марғұлан көшесінде орналасқан бір қабатты ескі үйді жалға алған компаниялар онда көп уақыт тұрақтамайды. Ал тылсым дүниеге қатты сенетін жандар оның жанына жоламауға тырысады. Себебі, павлодарлықтар арасында аталған ғимараттың жертөлесінде репрессияға ұшырағандарды қамап ұстағаны, жертөледе адамдарды атқаны туралы қауесеттер желдей есіп жүр.

Қазір ғимарат қабырғасында 2005 жылдан бері жұмыс істеп отырған жалғыз жалға алушы компанияның өкілдері де мұны жоққа шығармайды. Олар кеңсе ішінде жантүршігерлік жайттар орын алатыны рас деп отыр.

«Бір күні жұмыстан қайтқалы жатқанмын. Соңғы ксерокопияны жасап, кабинеттегі жарықты өшірдім. Бір кезде жанымда қара былғарыдан плащ және шляпа киген ер адам тұрғанын көрдім.

Көзіме елестеді ме, білмеймін, бірақ мен ол адамды көргенім анық", - дейді компания өкілі.

Елес
Павлодардағы ғимарат. Фото: NewTimes.kz/Александра Боярчук

Бұған дейін ғимараттағы "елесті" жалға алушылардың бірінің қызы да көріпті. Ол да осы жайт туралы өз ойын айтты.

«Анамның жанында қалып, түнейтін болдым. Жоғарыға қарап жатқан болатынмын. Бір кезде терезеден жарық көрінді де, мен ер адамның бейнесін көрдім. Боярский киетіндей шляпа киген, сол замандағы кісілерге ұқсайды. Мұндай бейне қалай пайда болды екен, жарықтың әсерінен бе деп ойланып жатқан кезде жаңағы бейне қозғала бастады. Қорқып кеттім. Көзімді жұмдым да, ұйықтап қалуға тырыстым. Оянған соң анама айттым. Оны көрген жалғыз мен емес екенмін. Анамның серіктесі де көріпті», - деп есіне алады бойжеткен.
NewTimes.kz/Александра Боярчук
Павлодардағы ғимарат. Фото: NewTimes.kz/Александра Боярчук

Павлодар қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі бөлімінде берген анықтамаға сәйкес, аталған ғимарат өткен ғасырдың басында салынған.

Сол кезде ол Николай Пятков есімді көпеске тиесілі болған екен және онда көпестің қызметшілері тұрған. Қала басшысы Пятков болса, үйдің қарсысында орналасқан ғимаратта тұрған екен. Яғни, қазіргі Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ғимараты.

«Өткен ғасырдың 20-жылдары мұнда балалар ауруханасы болған. 70-жылдары облыстық радиокомитет орналасқан. Радиокомитет Павлов көшесіне көшіп кеткен соң, бұл жерге "Горкомхоз" келіп орналасқан. Ғимарат жергілікті немесе республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енбейді. Себебі барак түрінде салынған, ерекше сәулетімен көзге түсіп тұрған жоқ, қандай да бір тарихи оқиғаларға қатысы жоқ. Мұнда танымал кісілер өмір сүрмеген", - дейді мәдениет бөліміндегі мамандар.

Тарихшы әрі өңіртанушы Эрнест Соколкиннің айтуынша, бұл үйде репрессияға ұшырағандарды ату деректері де орын алмаған. Сондықтан, мамандар ғимараттағы қатысты айтылатын қауесеттің барлығы жалға берушілердің ойдан шығарған PR-қауесеті болуы мүмкін екенін айтады.

Мақала авторы: Александра Боярчук

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936727-slyapa-kigen-er-adam-pavlodarda-ezelgi-gimarattagy-adam-elesi-zurtty-durliktirdi/

pixel