Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да мектеп оқушысы есінен танғанша соққыға жығылды

Жарияланған күні:

Мектеп
Фото: NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысында төбелес салдарынан 12 жастағы бала басынан жарақат алып, миы шайқалған. Жәбірленушінің анасы мектепте жасөспірімдермен тәрбие жұмысы жүргізілмейді деп есептейді. Оқу орны мен білім бөлімінде болған жағдайға түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жараланған жетінші сынып оқушысының анасы №1 Подстепный орта мектебінде сабақ береді. Ол оқиға туралы 4 қазан күні кешкісін білгенін айтты.

"Менің ұлымды сегізінші сынып оқушысы ұрып-соққан. Біз облыстық көпсалалы ауруханаға бардық. Сол жерде баламның миы шайқалған, беті көгерген деген диагноз қойылған. Бұл мектептегі алғашқы жағдай емес. Білім беру ұйымында тәртіп жоқ", – деді әйел.

№1 Подстепный орта мектебінде директоры жанжал мектептен тыс жерде болғанын айтады.

Оқиғадан кейін дереу тергеу жүргізілді. Мектепке оқушылардың ата-аналары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар мен аудандық білім бөлімінің өкілдері шақырылды.

"Жетінші сынып оқушыларының бірі екіншісіне тиіскен. Жанжалға сегізінші сынып оқушысы араласып, баланың бетінен ұрады, жетінші сыныпта оқитын ұл құлап, есінен танып қалған.

Содан кейін сегізінші сынып оқушысы оның есін жидыруға көмектесіп, ата-анасына қоңырау шалды", – дейді орта мектеп директоры Эльмира Өтепбергенова.

Қазір бұл факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.

"Оқушылардың ата-аналары арыз жазудан бас тартты. Зардап шеккен баланың анасы мектепте тәрбие жұмысы жүргізілмейтінін айтады. Арнайы комиссия құрылды, ол барлық фактілерді зерттейді. Нәтижелері туралы қосымша хабарлайтын боламыз", – деді БҚО Теректі білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Құсайынова.

Қазіргі уақытта жараланған бала сабаққа барып жүрген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936756-bqo-da-mektep-oqusysy-esinen-tangansa-soqqyga-zygyldy/