RU

Telegram мессенджерінің жұмысында әлем бойынша ақау пайда болды

Telegram қосымшасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Telegram қолданушылары мессенджердің істен шығуына шағымданды. Бірнеше елдегі пайдаланушылар проблемалармен бетпе-бет келді.

Downdetector сайтының хабарлауынша, Telegram жұмысында ақау туындағанына қолданушылар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 5-тен кейін шағымдана бастаған. Олардың 34 пайызы серверге қосылу кезінде, ал тағы 15 пайызы хабарлама жіберуде қиындықтарға тап болған.

Еске сала кетейік, осыған дейін біршама уақыт істен шыққан Facebook пен Instagram қызметі қайта жанданғанын жазған едік. Сервистің шамамен 7 сағат жұмыс істемегені белгілі болды.

Facebook желісінің технология директоры Майк Шрупфер өзінің Twitter-дегі парақшасында Facebook қызметін бастағанын, алайда 100 пайыз қалпына келтіру үшін біршама уақыт қажет екенін жазды.

"Біз желіні қолданатын шағын және ірі кәсіпкерлерден, жеке тұлғалардан, отбасы мүшелерінен кешірім сұраймыз", – деді ол.

Сонымен қатар, компанияның Twitter-дегі ресми аккаунты да Facebook желісінің жұмысты қалпына келтіргенін хабардар етті.

"Біз қосымшалар мен сервиске кіруді қалпына келтіру үшін көп жұмыс жасадық. Біз олардың желіге қайта оралғанын хабарлағанымызға қуаныштымыз", – делінген хабарламада.

Одан бөлек, Twitter-де Instagram желісінің жұмысы қалпына келгені туралы ақпарат пайда болды. Платформаны әзірлеушілер көпшіліктен кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936808-telegram-qoldanusylary-messendzerdin-isten-syguyna-narazylyq-bildirip-zatyr/