Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорланғанын дәлелдеу үшін үнтаспаға жазған": Орал тұрғыны 17 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Зорлық11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Орал тұрғыны 17 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бойжеткен бірнеше жылдан бері көрген қорлығын ешкімге дәлелдей алмай келгенін айтып отыр. Ол сөзін растау үшін өгей әкесімен болған жыныстық қатынасты үнтаспаға жазып алған деп хабарлайды КТК арнасы.

Полицияға қыздың анасы шағым түсірген. Бірақ тергеу жүріп жатқандықтан, істі құпия ұстаған тәртіп сақшылары болған жағдайдың мән-жайын айтудан бас тартты. Әйтсе де, кәмелетке толмаған қызға сексуалдық зорлық жасалуы мүмкін деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғанын жасырған жоқ.

17 жастағы жәбірленуші болса, өгей әкесі соңғы бірнеше жыл бойы зорлап келгенін жайып салған. Айтуынша, болған жағдайды үнтаспаға жазып алмайынша оған ешкім сенбепті.

Ал тәртіп сақшылары барлық жағдай жан-жақты тексеріліп жатқанын алға тартты.

"Тергеу жүріп жатыр. Міндетті түрде кәмелетке толмаған қызға да, шағым түсірген адамға да сот-психиатриялық сараптама тағайындалады. Тергеу ісі және сараптама қорытындысы әзір болған соң қылмыстық іс бойынша шешім қабылданады", - дейді Орал қаласы полиция бөлімі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Қожахметов.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске салсақ, бұған дейін Оралда туған қызын зорлаған әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. Тергеу кезінде ол қызын әйелімен шатастырып алғанын айтып ақталған.

Мамандардың айтуынша, өңірде осындай жантүршігерлік оқиғалар жиілеп барады. Жыл басынан бері 16 жасөспірім тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936820-ogei-akesi-zorlaganyn-daleldeu-usin-untaspaga-zazgan-oral-turgyny-17-zastagy-qyzdy-zorlady-dep-kudiktelude/

pixel