Елде коронавирус жұқтырған 693 адамның жағдайы ауыр
Опубликовано:

Бүгінде республика бойынша 53 330 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
13 қазандағы мәлімет бойынша, 53 330 адам коронавирус инфекциясынан (–46 385 + және 6 945 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 9 285 пациент стационарда, 44 045 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 693 адамның жағдайы ауыр,
- 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 118 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1707 жағдайы тіркелді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936840-koronavirus-zuqtyrgan-693-adamnyn-zagdaiy-auyr/