RU

Шымкентте полиция капитанына мектеп оқушысына қол көтерді деген айып тағылды

Бақытгүл Қожахметова
Бақытгүл Қожахметова. Фото: Otyrar.kz

Шымкентте мектеп оқушысы жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалды. Оның анасы қызын учаскелік полиция қызметкері ұрғанын айтады, деп жазады Otyrar.kz.

Шымкент тұрғыны Бақытгүл Қожахметова Жительница Шымкента Бакытгуль Кожахметова 16 жастағы қызы мектепте жарақат алды деп мәлімдеді. 6 қазан күні мектепке рейд жүргізген инспектор оныншы сыныпта оқитын қыздың сөмкесінен темекі тауып алған. Артынша жасөспірім қызды кабинетке шақыртып, басынан телефонмен ұрған, дейді ол. Бұдан бөлек, оқушыға психологиялық қысым да көрсетілген.

"Инспектор психолог шақырып, наркологияға апарамын дей бастаған кездеқызым қатты қорыққан әрі бұл сөз оның намысына тиген. Қызым сөз қайтарып, "Темекі шексем, осында шегемін", - деген. Бұл инспектордық шамына тиіп, қызымды телефонмен басынан бірнеше мәрте ұрып жіберген. Қызым жылап жіберіпті", - дейді Бақытгүл Қожахметова.

Бақытгүл үш баланы жалғыз асырап отырған жалғызбасты ана. Болған жайттан кейін баланы үйге қайтарып жіберген. Кешке оның басы ауырып, құса бастаған. 9 қазан күні қызды ауруханаға жатқызған. Дәрігерлер қыздың миы шайқалып, жабық бас-ми жарақатын алған деген диагноз қойыпты.

"Қыз бала бізге жедел жәрдеммен келіп түсті. Кезекші дәрігерлер ем тағайындаған. Қазіргі таңда бала біздің бөлімшенің нейрохирургтарының бақылауында. Пациенттің жалпы жағдайы орташа деңгейде", - деп пікір білдірді Шымкенттегі балалар клиникалық ауруханасының жарақат бөлімінің меңгерушісі Болат Нұсқабаев.

Полиция капитаны журналистермен тілдесуден бас тартты. Мектеп өкілдері ұрып-соғу және қысым көрсету деректерін жоққа шығарып отыр.

"Балаға ешқандай қысым көрсетілген жоқ. Ешкім қол көтермеді. Инспектор түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазір инспектор денсаулығына байланысты жұмыста жоқ", - деп түсіндірді №43 мектептің директоры Рано Тлеубердиева.

Қазіргі таңда қыздың анасы полицияға арыз жазған. Әйелдің айтуынша, жасөспірімнің басының ауырғаны қояр емес.

Шымкент Полиция Департаментіндегілер осы мәселені әлеуметтік желіде көтеріп отырған "Ана Жолы" қайырымдылық қорына жауап берген. Ведомствоның берген жауабына сәйкес, аталған іспен жеке қауіпсіздік басқармасы айналысып жатыр.

"Еңбекші АІПБ ЮП қызметкері полиция капитаны Атамбаеваның заңсыз әрекеттері бойынша ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың арызын қарау тәртібі туралы" заңына сәйкес іс Шымкент ПД жеке қауіпсіздік басқармасына жіберілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936902-symkentte-policiya-kapitanyna-mektep-oqusysyna-qol-koterdi-degen-aiyp-tagyldy/