Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орысша білмегені үшін ұрған": Анасынан қорлық көрген қазақстандық қызға ресейлік дәрігерлер көмектеспек

Опубликовано:

Диана Иванова
Видеодан кадр: Youtube/НТВ

Диана Иванованың өз туған анасы мен әжесінен қорлық көргені туралы қазақстандықтар тамыз айынан бері хабардар. Сол кезде "Немолчи.kz" қоғамдық қоры жеткіншектің денсаулығы сыр бергенін айтып дабыл қаққан болатын. Жақында алматылық жасөспірім ресейлік телеарнаның "За гранью" бағдарламасында қонақта болып, өзінің басынан кешкендерін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұдан бұрын қоғамдық қор белсенділері Диананың есірткіге тәуелді анадан туғанын баяндаған еді. Қызы бір жасқа толған кезде анасы есірткі саудасы үшін темір торға тоғытылып, Диана балалар үйіне жіберілген. Диананың әпкесі сол уақытта өзінің туған әкесінің қолында тұрып жатқан.

Бес жыл өткенде әйел түрмеден шығып, екі қызын өзіне қайтарып алады. Қоғамдық қор белсенділері анықтағандай, осылайша әйел жатақханадан бөлме алуға мүмкіндік алған.

«Диана қазақтілді интернатта оқығандықтан тілі қазақша шыққан, орыс тілінде сөйлеуге, анасына, әжесі мен үлкен әпкесіне әрең үйреніскен. Оның еркелігін, үлкендерді тыңдамай, орысша сөйлемегені үшін әжесі таяқтың астына алған. Ал туған анасы оны көре тұра көз жұма қараған. Бір күні әжесі немересін өлтіруге шақ қалған", - делінген жазбада.

Анасы қызына бастапқыда жұдырық ала жүгірсе, кейін қолына түскен балта, ауыр кілт сияқты заттармен де ұрған. Қыз алған соққыдан тіпті ауруханаға жатуға мәжбүр болыпты. Ауруханаға оны ес-түссіз күйінде, кома жағдайында жеткізген. 16 жасында ол бас сүйегіне ота жасатты.

Диананы шкафтың ішінде үш жыл ұстаған. Анасы көршілеріне қызының әжесімен Ресейге кеткенін айтып, оны әрі қарай қорлауын тоқтатпаған. Оған шыдамаған жеткіншек терезеден секіріп қашып кетті. Сол уақытта ол қоғамдық қордың назарына ілікті. Анасы жауапкершілікке тартылды. Оны алты жылға соттады.

Соңғы дерек бойынша өз анасының қолынан жәбір көрген алматылық қызды алған жарақаттарының кесірінен көптеген ота күтіп тұр. Оған жақ-бет операциясы, мұрын, құлақ ойығын қалпына келтіру бойынша пластикалық ота, эстетикалық түрін қалпына келтіруге тағы бірнеше ота жасалуы тиіс. Сондай-ақ 18 жасқа толған соң тіс имплантын орнату қажет.

Мәскеу дәрігерлері Диананы көріп, оған көмек беруге уәде берді. Қазақстандық жасөспірімді кешенді түрде емдеуді жоспарлап отыр. Оған бұрынғы бет-әлпетін қайта қалпына келтіріп, жаңа өмір бастауға жол ашылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936923-oryssa-bilmegeni-usin-urgan-anasynan-qorlyq-korgen-qazaqstandyq-qyzga-reseilik-darigerler-komektespek/

pixel