Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жем-шөп қымбаттап жатыр": Депутат шаруалардың жайына назар аударды

Опубликовано:

жем шөп
Көрнекі фото: mezgil.kz

Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелері туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға сауал жолдады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Биылғы жыл мал шаруашылығы саласына оңай болмады: қары аз қыс, жаз айларындағы аптап ыстықпен қатар жауын-шашынның аз болуы жайылым жерлердің жағдайына теріс әсер етті. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл шөп шығымы аз болып, уақытынан бұрын қурап кетті. Жайылым жерлердегі жем-шөптің жеткіліксіздігі мен жем-шөп дайындау көлемінің қысқаруы малдың жай-күйіне кері ықпал етті, жем-шөп бағасының қымбаттауына әкеліп соқты, соның салдарынан мал басының кемуі басталды", - деді Әбілдаев.

Оның айтуынша, мал сатып алу бағасының төмендегені байқалады. Бордақылау орындары мен ет өңдеу кешендеріне тірі малды сатып алу құны 1 келісіне 670-800 теңге болды, орта есеппен баға 10-15 пайызға төмендеген.

Себебі, аналық мал ұстайтын және бұқаларды бордақылауға өткізетін фермер жем-шөптің қымбаттауынан малды қыста ұстау тиімсіз екенін түсінеді. Сондықтан, шаруашылықтар шығынға батпау үшін малын бордақылауға және ет өңдеу кешендеріне өткізіп жатыр.

"Бұл ретте, мал бордақылау орындарында малдың күндік азығы қымбаттап барады. Онда малды жем-шөптің қатты түрлерімен қоса, ұнтақталған дәнді дақылдармен қоректендіреді, олардың бағасы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 60-90 пайызға көтерілген.
Дизель отынының қымбаттауы да еттің өзіндік құнының қымбаттауына елеулі әсер етті. Мысалы, қыркүйектің соңында 1 литріне 289 теңге, көптеген өңірде 240-245 теңгені құраған, ал арзандатылған дизель отыны 2020 жылы 1 литріне 165 теңге болатын. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, онда мал басының өсуі баяулайды, күрделі ахуал Қазақстанды ет өндіру қарқыны бойынша бірнеше жылға артқа тастайды", - деді депутат.

Спикер аналық малдың жалпы кеміп кетуіне және фермерлер малын сатып алу бағасының одан әрі құлдырауына жол бермеу керектігін айтты. Өйткені баға төмендеп кетсе, саладан қатысушылардың басым бөлігі шығып кетуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936967-deputat-zem-soptin-qymbattap-sarualar-malyn-zappai-satuyna-alandausylyq-bildirdi/

pixel