RU

Оралда құрылыс бөлімінің басшысы ұсталды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен "Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі" ММ басшысына қатысты тергеу басталды деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram каналында.

Ол 2020 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың 11 қазанына дейін сыбайласы арқылы ЖШС директорынан аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталуда.

Күдікті пандемия кезеңінде арнайы тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдем көрсеткені және Орал қаласында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,2 млрд теңгенің екі 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін бұрын келісілген аса ірі мөлшердегі 170 млн теңгеден 134 млн теңге мөлшерінде пара алған.

Ведомствоның хабарлауынша, "Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі" ММ басшысы және азамат "Н" Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936986-oralda-qurylys-boliminin-bassysy-ustaldy/