Коронавирус пен пневмониядан тағы 39 адам қайтыс болды
Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус және коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 39 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
12 қазандағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус пневмониясының 99 жағдайы және 8 өлім дерегі тіркелді. Оған қоса 191 адам емделіп шықты.
13 наурыздан бүгінге дейін: ауырғандар - 77533 адам. 4939 науқас қайтыс болса, 65749 адам індеттен жазылып шықты.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны көбейді. Өткен тәулікте инфекция 1985 адамнан расталып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937063-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-tagy-39-adam-qaitys-boldy/