Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы кезекті жарылысқа қатысты түсініктеме берді

Опубликовано:

Жарылыс
Жамбыл облысында болған алғашқы жарылыс. Кадр: Instagram / tarazlive.kz

Еліміздің қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы кезекті жарылысқа қатысты түсініктеме беріп, жүргізіліп жатқан жұмыстардың халық үшін қаупі жоқтығын ескертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Министрліктің баспасөз хабарламасында инженерлік-саперлік бөлімшелердің күшімен Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер фрагменттерін бақылап жару жұмыстары басталғаны сөз етілген.

"Жұмыс күн сайын дүйсенбіден бастап жұма аралығында ағымдағы жылдың 13 қарашасына дейін жүргізіледі. Бұл үшін адамдар жоқ таулы жерде, әскери бөлім мен елдімекендерден алыста, яғни әскери бөлімнен 12 шақырымнан астам қашықтықта учаске белгіленді. Мамандар тобы жергілікті халық пен инженерлік-саперлік бөлімшелер жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңдалған жер учаскесін толығымен зерделеді.

Жергілікті атқарушы органдар мен халыққа жару жұмыстарының жүргізілуі туралы алдын ала хабарланды. Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, әскери полиция күшімен жару орнының айналасындағы аумақ қоршалды. Жару кезінде дыбыстық әсер болады. Жүргізілетін жұмыстың жергілікті халық үшін қаупі жоқ", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937118-qorganys-ministrligi-zambyl-oblysyndagy-kezekti-zarylysqa-qatysty-tusinikteme-berdi/

pixel