Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда 18 жастағы интернет-алаяқ ұсталды

Опубликовано:

Алаяқ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Петропавл тұрғыны полицияға алаяқтық іс-әрекеттер туралы айтып жүгінген. Айтуынша, алдын ала төлем жасап сатып алған тауарын ала алмай жүрген деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғыны танымал Olx.kz сервисіндегі хабарландыру бойынша сатып алған материалдарын бір айдан бері ала алмай келген. 100 мың теңгеден астам алдын ала төлемін тамыз айында жіберіпті.

Содан бері "сатушы" телефон арқылы тауарды жеткізудегі түрлі қиындықтарды айтып, сылтаулатып келген. Петропавл қаласының полиция басқармасы бірінші бөлімінің жедел уәкілдері сол күні интернет-алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады.

Ол 18 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

"Алаяқтар тегін хабарландыру беретін танымал сервистерді пайдаланады. Жыл басынан облыста интернет-алаяқтықтың 541 фактісі тіркелді, оның 205-і Olx-та жасалған. Қылмыскерлер жоқ тауарлар мен қызмет түрлерін ұсынып, жалған хабарландырулар береді. Негізгі сценарий – алдын ала төлем талап ету", – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Полицейдің айтуынша, жағдай сайт арқылы заттарын сатып жатқандарға да қауіпті.

"Қаскөйлер түрлі жағдайларды алға тартып, жәбірленушілердің құпия мәліметтерін: банк карталарының нөмірлерін, пин-кодтарын, sms-хабарламалармен келетін бірреттік кодтарды біліп алады. Көбінесе олар "жеткізу қызметін" пайдалануды ұсынады – төлем жасау үшін деп жәбірленушінің сілтеме арқылы өтіп, қаржылық мәліметтерін енгізуін сұрайды. Анығында бұл мәліметтер қылмыскерлердің қолына түсіп, жәбірленушілердің ақшаларын иеленулеріне мүмкіндік береді. Olx сервисіндегі алаяқтықтың 25 пайызы бұл сайтта жоқ "жеткізу қызметімен" байланысты", – дейді Марат Жұмалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937144-petropavlda-18-zastagy-internet-alayaq-ustaldy/

pixel