Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Азық-түлік тапшылығы мәселесінің өзектілігі жылдан жылға арта береді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Одақ кеңістігінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі жаһандық өзектілікке ие болып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде планетаның әрбір оныншы тұрғыны, яғни 700 миллионнан астам адам азық-түлік тапшылығынан зардап шегеді.

"Әрине, біздің елдердегі жағдай әлдеқайда жақсы, бірақ біздің нарықтар қазірдің өзінде әлемдік бағаның көтерілуінің қысымын сезінуде. Мәселенің өзектілігі жылдан жылға арта береді. Бұған жауап ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия Одақпен бірге елдер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай принципі мен тәсілдерінің жобасын әзірледі", – деді Тоқаев.

Айтуынша, құжатта азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге және тапшылық қаупін барынша азайтуға бағытталған шаралар, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенде қолданылатын материалдық-техникалық ресурстарды импортпен алмастыру бойынша шаралар қарастырылған.

"Бұл құжаттың маңыздылығын ескере отырып, мен оны Алматыдағы кеңес отырысында бекітуді ұсынамын. Құжат жүйелі болуы керек, практикалық өзара әрекеттесуге және нақты әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған", – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937169-toqaev-azyq-tulik-tapsylygy-maselesinin-ozektiligi-zyldan-zylga-arta-beredi/

pixel