Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қай күні басымызға құлап кетер екен": Павлодарда ескі үй тұрғындары үрей құшағында отыр

Опубликовано:

Тұрғындар
Видеодан кадр: Астана телеарнасы

Павлодарда екі қабатты ескі үйдің тұрғындары шу шығарды. Айтуларынша, үйдің әбден тозығы жетіп, құлайын деп тұр.  Бойларын үрей  билеген жұрт жергілікті билік өкілдерінен ғимаратты бұзуды талап етуде. Жаңбыр жауса, төбеден су ағады. Баспана коммуналдық желіден де ажыратылған. Амалы таусылған тұрғындар журналистерден араша сұрады деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Өткен ғасырдың 50 жылдары уақытша деп салынған үйлердің әбден тозығы жеткен. Саз балшығы түсіп, іргетас үгітіліп, алқам-салқам күйге түскен. 

Ескі ағаш үйде қазір 8 отбасы тұрады. Пәтерлердегі көрініс тіпті қорқынышты. Тұрғындар басқа барар жері болмаған соң амалсыздан осында тұрып жатырмыз дейді.  

"Төбе құлап жатыр. Жабындылары үгітіліп қалды. Қай күні басымызға құлап кетеді екен деген қауіппен жүрміз. Бірінші қабат болса, сасып жатыр. Жағдайымыз өте қиын болып тұр", - деді тұрғын Ольга Гришина.

Бұзылады - деген желеумен үйдің кәріз құбырын да желіден ажыратып тастаған. Сасық иістен демалу мүмкін емес дейді тұрғындар.

"Біздің үй 2019 жылы бұзылуы керек болған. Маңайымыздағы үйлердің бәрін бұзды. Біз жапан далада жалғыз қалдық. Қасымыздағыларды бұзған кезде бізді кәріз желісінен ажыратып кетті. Бізге сәл шыдай тұрыңдар, пәтер береміз деген. 2 жыл өтті. Қаншама үй салынып жатыр. Пәтер жоқ", - деді тұрғын Елена Смирнова.

Әкімдік өкілдері бұл мәселеден хабардар. Қаладағы ескі үйлер кезең-кезеңмен бұзылатынын айтады. Бұл баспана бірақ биылғы жоспарға енбей қалған. Ал кәріз желісінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті көмек көрсетілді дейді.  

"Циолковский көшесі 19/1 мекен жайы бойынша орналасқан үйді бұзу жұмыстары 2022 жылдың жоспарында тұр. Бұған дейін аталған үйдің тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, тұрғындар ағымдағы жылы өз үйлерінде қалу туралы шешім қабылдаған болатын", - деді Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің маманы Жансерік Қапзолла.

"Сарыарқа" шағын ауданында екі қабатты ескі 19 үй қалған. Оның барлығы келесі жылы толығымен бұзылады деп жоспарланып отыр.

Ө. Қуанар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937189-qai-kuni-basymyzga-qulap-keter-eken-pavlodarda-eski-ui-turgyndary-urei-qusagynda-otyr/

pixel