Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл нағыз бейшаралық": Шымкенттік сәулетші тойхананы мектепке айналдырғандарға шүйлікті

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: Olx.kz

Шымкентте коронавирус инфекциясы тарағаннан кейін тойханалар қолданысқа беріле бастады. Әсіресе, мектеп тапшылығын ескеріп, ғимаратты оқушыларға беріп жатқандар көп. Осы орайда, Шымкент қалалық сәулетшілер қауымдастығының төрағасы Асқар Мамырбай да өз пікірін білдіріп, бұл істі нағыз бейшаралық деп атаған деп жазады Замана басылымы.

"Шымкентте осыдан 6 жыл бұрын "Оңтүстік" қабылдау үйі" деп аталған салтанат сарайы пайдалануға берілген болатын. Тұрақты жұмыс істеп тұрған сол мейрамхана да кейін "Ковид" індетінің таралуына қарсы қолға алынған іс-шаралар негізінде жабылып қалған. Дегенмен оның иесі тығырықтан шығатын өзгеше жол тапты: ол оны мектепке айналдырды.

Бұған бір жағынан, әрине, тойхана ғимараты тұрған "Нұрсәт" шағын ауданында мектептің жетіспеуі де себеп болған еді. Содан ол өткен жылы мектеп оқушыларын қабылдай бастаған. "Әл-Фараби атындағы академия" деген ат берілген білім беру ошағына бүгінде жүздеген бала барып, офлайн сабақтарға қатысып жүр.

Таяуда осы мектептің төңірегінен шу шықты. Бір оқушының анасы "онда балаларға сабақ өтуге тиісті жағдай жасалмаған, терезе көзі кішкентай, бөлмелерде ауа жоқ, балаларды "ақылы негізді оқитын" және "ақысыз оқитын" деп алалайды" деген тұрғыда мәселе көтерді. Осыған орай, ол жерге қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мен бірқатар журналист барды, оқиға орнынан видео түсіріліп, таратылды. Қысқасы, бұл мектептегі ахуалға қатысты ата-ананың айтқандары жоққа шығарылды.

Сонымен мәселеге нүкте қойылған сияқты болды. Дегенмен қоғамдық ортада оған қатысты түрлі пікірлер туындады. Көпшілік азаматтармен бірге Қазақстанның Құрметті сәулетшісі, Шымкент қалалық сәулетшілер қауымдастығының төрағасы Асқар Мамырбай да өз пікірін білдірді.

"Бұл – ешқандай стандартқа сай келмейтін, оңтайластырылған бұрынғы тойхана. Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес емес. Жоқтан бар жасау. ХХI ғасырда осындай шарасыздыққа бару – мемлекеттің әлсіздігі. Жүз жерден мақтасаңыздар да бұл – бейшаралық!" – деп жазды ол.
"Тойхананы мектеп қылуға болмайды. Дұрыс емес. Мысалы, құрылыс нормалары мен ережелері әр ғимараттың өзіне лайықтап салынады. Тұрғын үйдікі бөлек, тойхананікі бөлек. "Оңтүстік» қабылдау үйі" ресторан ретінде салынған, оны апарып мектеп етіп қою – бейшаралық. Бұл жерде тойхана мен әкімшіліктің ым-жымы бір деген сөз. Не үшін басқа тойханалардың бәрін мектеп етпейді солай әйтпесе?", - деді Мамырбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937201-bul-nagyz-beisaralyq-symkenttik-sauletsi-toixanany-mektepke-ainaldyrgandarga-suilikti/