Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда асханадан садақа жәшігін ұрлап кеткен әйел ұсталды

Опубликовано:

Садақа жәшігі
Садақа жәшігі: Polisia.kz

Алматыдағы асханалардың бірінен садақа жәшігі ұрланды. Бейнебақылау камераларынан қылмысты орта жастағы қала тұрғыны жасағаны белгілі болды деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы қала тұрғыны анықталды. Әйел асханаға кіріп, әкімшімен сөйлескен. Сол кезде ол ақша жинау мақсатында орнатылған қорапқа назар аударған. Оның іс-әрекетін ешкім бақыламайтынын пайдаланып, қолма-қол ақша ұрлады", – дейді Алмалы аудандық ПБ бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Садақа жәшігі қайырымдылық ұйымдарының біріне тиесілі екені анықталды.

Айта кету керек, әйел бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет жауапқа тартылған болатын.

Қазіргі уақытта іс Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937296-almatyda-asxanadan-sadaqa-zasigin-urlap-ketken-aiel-ustaldy/

pixel