Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәліздегі орындықта жаттық": Ақтөбеде пневмониямен ауырған 3 жасар қыздың анасы жанайқайын айтты

Опубликовано:

Пациенттер
Фото: diapazon.kz

Ақтөбеде 3 жасар қыз пневмониямен ауруханаға түсті, бірақ баланы аурухананың төсек-орнына жатқызу мүмкін болмаған. Анасының айтуынша, ол қызымен бірге дәліздегі орындықта жатуға мәжбүр болған. Бұл жағдайға облыстық денсаулық сақтау басқармасында түсініктеме берілді деп хабарлайды "Диапазон".

Қыздың анасының айтуынша, қолдан келер шара таппаған соң, оқиғаны көпшілікке жария етуге мәжбүр болған.

Әйел 3 жасар қызымен бірнеше күн Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының балалар бөлімінде жатыпты. Бос орын болмағандықтан, ананы баласымен қоса және басқа да аналарды дәлізге орналастырған.

"Менің қызым пневмониямен ауырады, оның температурасы әрдайым 39. Оны демалуға болатындай етіп жатқызатын жер жоқ. Олар оны палатаға жатқызуға уәде берді, бірақ кейін орын жоғын айтты. Олар бір орындық бөлді. Палатаға келген әйелдерге рақмет, түнде өз орындықтарын берді, қызым қос орындыққа жатып ұйықтап алды. Бізге палатадан орын бермейді екенсіздер, тым болмаса кушетка беріңіздер, бұл мүлде адамгершілікке жатпайды", – деп шағымданды науқас сәбидің анасы.

Бұл жағдайға Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құрманғазиева жауап берді. Ол 2018 жылы туған баланың ауруханаға пневмониямен 12 қазанда түскенін хабарлады.

"Бала ПТР диагностикасы үшін изоляторға жатқызылды. Коронавирусқа қатысты теріс тест нәтижесі шыққан соң, мамандандырылған бөлімге ауыстырды, науқас ем алады", – деп жауап берді Айгүл Құрманғазиева.

Айтуынша, күз мезгілі келген соң, балаларға суық тиіп ауыру саны жиілеген, сәйкесінше ауруханаға жататын науқастар көбейіпті..

"Аурухананың соматикалық бөлімі 48 төсек-орынға есептелген. Аурухананың толып кетуіне байланысты неврологиялық бөлімдегі орындар қайта профильделді. Асқынулардың тез дамуына байланысты 1 жасқа дейінгі балаларды ауруханаға жатқызудан бас тартылмайды. Қабылданған науқастарға уақытылы медициналық көмек көрсетілді, олар уақытша дәлізге орналастырылған. Кейін пациенттерді палатаға орналастырды", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937309-aqtobe-auruxanasynda-pnevmoniyamen-auyrgan-3-zasar-qyz-dalizge-ornalastyrgan/

pixel