RU

2025 жылға дейін елімізде 102 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады

Ноутбук
Көрнекі фото: Pexels.com

"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасын жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге жұмсалады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық бюджетте 402 млрд теңге қарастырылған. Ал 15,5 трлн теңгені жеке инвестициялар тарту қамту көзделген.

Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесі 2025 жылы 102 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Еңбек өнімділігі 20 пайыздан астамға өсіп, өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі 1,5 есеге ұлғайтылады. Шикізаттық емес экспорт 41 млрд АҚШ долларына дейін екі есе артады. Жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының үлесі генерацияның жалпы көлемінің 6 пайызын құрайтын болады.

"Ұлттық жоба Жалпыұлттық басымдықтарды және елді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарын іске асыру үшін қалыптастырылды және 2025 жылға қарай орнықты экономикалық өсімі 5 пайыздан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған" , - деп атап өтеді ұлттық экономика министрлігінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937316-2025-zylga-deiin-elimizde-102-myn-zana-turaqty-zumys-orny-asylady/