Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өтірік жүкті болған: Ақтөбелік келіншек жалған құжатпен декреттік демалысқа шықты деп айыпталды

Опубликовано:

Жүкті келіншек
Көрнекі фото: Pixabay.com

Ақтөбеде адам нанғысыз оқиға орын алды. Мұнай компаниясында жұмыс істейтін келіншек әріптестерін "жүктімін" деп алдап түсіріп, жалған құжат арқылы декреттік демалысқа шықты деген күдікке ілінді, деп жазады "Время" газеті.

Қазіргі таңда әйел алаяқтық бабы бойынша күдікті деп танылған. Мұнай компаниясында жұмыс істеген келіншекке жұмыс беруші шағымданған. Әйелдің "жүктілігіне" сеніп қалған басшылар оны жеңіл жұмысқа ауыстырған екен. Кейіннен ол тіпті декреттік демалысқа шығып, өзіне тиесілі 900 мың теңгені де алған.

Аталған жайтқа қатысты Ақтөбе қаласының Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев пікірбілдірді.

"Қылмыстық іс аясында дәрігерлердің әрекетіне де құқықтық баға берілмек. Олар қажетті тексеріс жасамастан жұмысқа жарамсыздық туралы қағаз берген. Аталған құжат заңбұзушылық жасау мақсатында пайдаланылған", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937331-otirik-zukti-bolgan-aqtobelik-kelinsek-zalgan-quzatpen-dekrettik-demalysqa-syqty-dep-aiyptaldy/