Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Жұрттың бәрі құлдан туған ба": Төрегелді Шарманов шенеуніктер мен өнер иелерінің кітап жазуын сынады

Опубликовано:

Төрегелді Шарманов
Фото: Facebook/Төрегелді Шарманов

Белгілі тағамтанушы Төрегелді Шарманов әлеуметтік желі арқылы қоғамның түйткілді мәселесіне қатысты жиі ой қосып тұрады. Бұл жолы ғалым кітап жазуға бет бұрған шенеуніктер мен танымал өнер жұлдыздарын сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төрегелді Шармановтың пікірінше, кітап жазу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол мән-мағынасы жоқ кітаптардың көбейіп кеткеніне қынжылысын жеткізді.

"Бүгінде қоғамда жайлаған дерттің бірі – өнер қайраткерлерінің, шен-шекпенділердің кітап жазғыштығы. Қазір автобиографиялық кітаптан көп нәрсе жоқ. Олардың ішінде бір өнеге, үлгі болса жақсы ғой. Ылғи өздерінің дастархан басындағы әңгімелерінен әрі аса алмаған", - дейді ғалым.

Сондай-ақ, профессор қоғамда жағымпаздықтың белең алғанын ашына жазды.

"Одан қалды әлгі бастықсымақтардың өздеріне арналған одалардан аяғыңды алып жүре алмайсың. Олардың ата-бабалары да ылғи данагөй, бай-бағлан, батыр болыпты. Сонда қалған жұрттың барлығы құлдан туған ба? Мұның барлығы елде жалған құндылықтардың қалыптасқанын, даму көшінен адасқанымызды білдіреді. Қазір өтірік айтудан ешкім қысылмайтын болды. Өтірік айту – өмір сүрудің кредосына айналды", - деп жазды ол.

Академик бұған дейін еліміздегі жемқорлыққа қатысты пікір білдірген еді. Ғалым кеңестік кезең мен қазіргі кездегі парақорлықтың деңгейін салыстырған болатын. Академик жемқорлықтың өркен жаюына себептерді де атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937337-dastarxan-basyndagy-angimeden-asa-almagan-toregeldi-sarmanov-seneunikter-men-oner-ielerinin-kitap-zazuyn-synady/

pixel