Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үй карантинін бұзған 200-ге жуық азаматтың есімі жарияланды

Опубликовано:

Ашық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласында "қызыл статусы" анықталған тағы 199 тұрғынға 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында хабарланды.

Коронавирусқа ПТР тесті оң нәтижесін берген алматылықтар қоғамдық орындарға барып, "Ashyq" бойынша жұмыс істейтін нысандарда – ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, бассейндер, СОО, базарлар, театрлар және т.б. нысандардың қызметтерімен пайдалануға тырысты.

"Қызыл статусы" анықталған аталған тұрғындар "Ashyq" жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмеді.

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын тұрғындар кеңсе ұйымдары, әлеуметтік салалары, білім беру ұйымдары, банктер, сауда, қаржы нарығы, әлеуметтік қызметтер, қоғамдық тамақтану және басқа да нысандардың қызметкерлері, сондай-ақ зейнеткерлер болып табылады.

Сондықтан амбулаториялық емделіп жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармаулары тиіс.

Барлық бұзушылар 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл төлегені атап өтілді. Сонымен қатар, департамент сайтында барлық 199 азаматтың аты-жөні жарияланды. Тізімді мына сілтеме арқылы өтіп, оқуға болады.

Сонымен қатар, "Ashyq" жобасының қатысушыларына Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық келушілерді сканерлеу қажеттілігін еске саламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937401-almatyda-ui-karantinin-buzgan-200-ge-zuyq-azamattyn-esimi-zariyalandy/

pixel