jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Ұлттық халық санағы: елордада үйлерді жаппай аралау жүріп жатыр

Планшет
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда 1 қазаннан бастап ұлттық халық санағы аясында интервьюерлердің үйлерді жаппай аралауы басталды деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Үйлерді жаппай аралау осы жылдың 30 қазанына дейін жалғасады. Интервьюерлер белгіленген мерзімде санақтан онлайн өтпеген тұрғындардан сауалнама алатын болады. 1,5 мыңға жуық интервьюер-тіркеуші үйлерді сағат 09.00-ден 21:00-ге дейін аралайды.

15 қазанға дейін санақтан онлайн өткен респонденттер екінші рет қайта жазылмайды. Олар интервьюерге санақ өткендігі туралы бұрын алынған SMS-хабарламаны немесе электрондық хабарламаны көрсетуі тиіс.

"Санақ кезінде деректерді жинау үшін сәйкестендіру ақпараты ретінде сұрау салынған адамның ЖСН пайдаланылады. Бұл деректердің қайталануына жол бермейді. Сондықтан онлайн режимде санақтан өтпеген респонденттер интервьюерлерге өздерінің ЖСН, сондай-ақ бірге тұратын адамдардың ЖСН ұсынуы және санақ парақтарының сұрақтарына жауап беруі қажет.

Үй-үйді аралау кезінде барлық қайта жазылған респонденттерге интервьюерлер санақтан өткені туралы анықтамалар береді, оларды осы іс-шара аяқталғанға дейін сақтау қажет. Бұдан басқа, халықтың қамтылуын және деректердің дұрыстығын тексеру мақсатында 2021 жылғы 1-7 қараша аралығында респонденттердің 10% қорытынды тексеріс жүргізіледі", – делінген хабарламада.

Халық санағының негізгі кезеңіндегі интервьюердің сыртқы келбеті:

  • фотосуреті бар бейдж, онда оның тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және қолданылу мерзімі, аумақтық статистика бөлімшесі басшысының мөрі мен қолы көрсетіледі;
  • логотипі бар көк шарф;
  • логотипі бар көк түсті портфель;
  • электрондық санақ парақтары бар планшет болады.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында интервьюерлер барлық қажетті жеке қорғану құралдарымен (маскалар, антисептиктері бар санитайзерлер) қамтамасыз етілген.

Ұлттық халық санағы: елордада үйлерді жаппай аралау жүріп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.