Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы мектепте мұғалімнің соққыға жығылғаны рас па: Полиция түсініктеме берді

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысындағы мектептердің бірінде мұғалімге шабуыл жасалғаны туралы желіде таралған ақпаратқа облыстың полиция департаменті түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде "уаһһабшының" Қарағанды мектептерінің бірінің мұғаліміне шабуыл жасағаны туралы ақпарат таралуда. Басылымдарда қазан айының 14-і күні ер адам №3 мектеп-интернатқа артқы кіреберіс арқылы кіріп келіп, мұғалім болып жұмыс істейтін әйелін ұрып-соққаны айтылады.

"Ол мұғалімге бүкіл сыныптың алдында шабуыл жасады. Бәрімізді қорқытты. Әйелін ұрды. Біздің балаларға қауіп төніп тұр, егер ол террорист болса ше? Ол мектепке екі рет кірді. Мұғалімдер тіпті полицияға да хабарласпады, бәрін жасырғысы келеді. Бәрі камераға жазылған. Біз қатаң шаралар қолданғанын қалаймыз. Қазан қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін біз қорқамыз", - деп жазылған басылымда.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Департамент ер адамның деструктивті діни ағымның жақтаушысы емес екенін анықтаған.

"Ақпараттың дұрыстығын анықтау үшін Қарағанды облысының ПД жұмыс тобы құрылды. Олар бұл оқиға 14 қазанда №3 мектеп-интернатында болғанын анықтады. 25 жастағы жігіт сол оқу орнында мұғалім болып жұмыс істейтін жұбайымен екеуінің арасында туындаған мәселені шешуге келді. Ерлі-зайыптылар арасындағы әңгіме балалар болмаған кезде орын алған.

Сонымен қатар, ер адамның радикалды діни ұйыммен ешқандай байланысы жоқ екені анықталды. Бұл факт Киров қаласының полиция басқармасы бөлімінде тіркелген. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қарағанды облысының білім басқармасы бұл фактіні тексеруде, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937433-policiya-qaragandydagy-mektepte-mugalimnin-soqqyga-zygyluy-turaly-qauesetke-tusinikteme-berdi/