Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Республикалық штаб Сыр еліндегі іс-сапарын қорытындылады

Опубликовано:

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық азаматтық штаб өкілдері Сыр елінде екі күндік сапармен болды. Олардың қатарында премьер-министрі орынбасарының баспасөз хатшысы, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев, пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық азаматтық штаб мүшелері Серік Беркамалов пен Мирас Аукенов бар.

Штаб өкілдері сапар аясында облыстың зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері және кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде аймақ активі штаб өкілдеріне тұрғындарды толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Сондай-ақ, сапар барысында "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" акционерлік қоғамының және "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ ұжымымен вакцинация тақырыбын талқыланды.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

"Елде ұжымдық иммунитетті қалыптастыру, халықтың 70-80%-ын вакцинациялау нәтижесінде COVID-19-дан сырқаттанушылық пен өлім деңгейін азайту, мүмкін болатын әдеттегі өмірге қайтаруымыз қажет",- деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында премьер-министрі орынбасарының баспасөз-хатшысы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

"Ел үшін егілемін" азаматтық штабының мүшелері өңірдің жасыл аймақта екеніне қарамастан алдағы уақытта күннің салқындауына байланысты тұмау, ЖРВИ ауруы өршу мүмкіндігіне орай сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттілігін баса айтты.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Брифинг барысында журналистердің көтерген сауалдарының ең негізгісі балаларға салынатын екпе болды. Штаб мүшелері вакцинациялау ата-аналардың және заңды қорғаушылардың келісімімен жүргізілетінін, оның балаларымызды аурудан қалай сақтаймыз, вирустан қалай қорғанамыз деген көптеген ата-аналардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ресми өкіл Ержан Байтанаевтың сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мақұлдаған Pfizer вакцинасы бойынша Америкалық компаниямен келіссөздер жүргізіп жатыр. Нәтижелі болғанда үстіміздегі жылдың IV-тоқсанында елімізге жеткізу жоспарлануда.

Жалпы сапардың мақсаты пандемиямен күрес барысында мемлекеттік органдардан бөлек азаматтық қоғам белсенділері мен түрлі мамандарды тарта отырып, насихат жұмыстарын жүргізу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937438-respublikalyq-stab-syr-elindegi-is-saparyn-qorytyndylady/

pixel