Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғарда мас жүргізуші жол жиегінде тұрған қызды қағып кетті

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы облысында көлік жүргізушісі жол жиегінде тұрған қызды қағып кеткен. Анықталғандай, авто тізгінінде адам мас күйде болған деп жазады baq.kz.

Қайғылы оқиға 17 қазанға қараған түні болды. Қыз Талғар трактіндегі Magnum супермаркетінен шығып, жол жиегіне тұрып, такси ұстаған.

Шығыс бағытқа қарай жүріп келе жатқан Honda CR-V автокөлігі жол жиегінде тұрған қызды қағып кеткен. Соққыдан ол бірнеше метр қашықтыққа ұшып кеткен.

Талғардағы жол апаты
Фото: zakon.kz

Honda жүргізушісі тоқтамай, оқиға орнынан қашып кетті. Шамамен бір шақырымнан кейін ол оң қатарда жүріп келе жатқан Toyota Camry автокөлігімен соғылады.

Талғардағы жол апаты
Фото: zakon.kz

Toyota жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып, тұраққа қойылған Mercedes-пен соғылады. 

Honda қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жол бойында тоқтайды. Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі агрессивті әрекет етіп, жасырынуға тырысқан. Айналасындағылар оған жол бермеді. Оны полиция қызметкерлері келгенге дейін ұстап тұрған. Жүргізушіні полиция медициналық куәландыруға алып кетті. Куәгерлердің айтуынша, ол қатты мас болған.

Көлік қаққан қыз жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937486-talgarda-mas-zurgizusi-zol-zieginde-turgan-qyzdy-qagyp-ketti/

pixel