Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі бойына "жын кірген" сарбазға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Әскери қызметкерлер
Көрнекі фото: centralasia.media

Қорғаныс министрлігі дін өкілі "жын кірді" деп баға берген сарбаздың әрекетіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шекара қызметінде борышын өтеп жүрген сарбаздың түсініксіз әрекеті түсірілген видео желіде тараған болатын. Сарбаз осы күзде әскерге шақырылған.

Қарулы Күштер Бас штабының ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаменті бастығы Сәкен Жүсіпов әскерге шақырудағы жаңашылдықтар мен үміткерлерді іріктеудің ерекшеліктері туралы сұқбатында бұл мәселеге қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шекара қызметінде ішкі тергеу жүргізіліп жатыр және қорытындысы жарияланатын болады.

"Сарбаз аймақтық шақыру комиссиясының шешімімен әскерге шақырылған. Ол кезде денсаулығында кінәрат бар екені анықталмаған", - дейді полковник.

Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы сарбаздың түсініксіз әрі қорқынышты әрекеті қазнетті шулатты.

Жын шығару ісімен 5 жылдан бері айналысатын Данияр Ибрахимұлының айтуынша, сарбаздың бойында жын бар. Діни қызметкердің тағы бір нұсқасы бар. Оның ойынша, сарбаз қорыққанынан осындай амалды қолданған болуы да мүмкін. 

Ал психолог жас сарбаздың психикалық ақауы болуы мүмкін деп отыр. Әскерге шақырғанда дәрігерлер оны медициналық тексеруден дұрыс өткізбеген деп есептейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937488-qorganys-ministrligi-boiyna-zyn-kirgen-sarbazga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel