Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Естелікке толы": Алматыдағы әйгілі Шайтан базарда не сатылады

Опубликовано:

Шайтан базар
Фото: KAZ.NUR.KZ

Халық арасында «Шайтан базар» аталып кеткен Алматыдағы ескі заттар сататын базар саудасы сенбі-жексенбі күндері қыз-қыз қайнайды. Бұл жерден ел ұмыта бастаған өткен ғасырдың біраз игілігін табуға болады. KAZ.NUR.KZ тілшісі естелікке толы базарды аралап қайтты.

Ел аузында Шайтан базар аталған бұл жәрмеңке қазір Құлжа күре жолының бойындағы сауда орталығында орын тепкен. Тек сенбі-жексенбі күндері жұмыс істейді. Мұнда "іздегенге сұрағанның" бәрі табылады.

Ленин
Фото: KAZ.NUR.KZ

Жерге жайылған тауарлар сан түрлі: киім-кешек, ыдыс-аяқ, ескі тұрмыстық техника мен оның жекелеген бөлшектері, жезден жасалған самаурын, легендер, кәдесыйлар мен жәдігерлер, суреттер самсап тұр.

Ваза
Фото: KAZ.NUR.KZ

Сондай-ақ, сатушылардың айтуынша, мұнда қала тұрғындарымен қатар алыс-жақын шетелдерден туристер де жиі келеді. Олардың арасында өткен ғасыр жәдігерін іздеп жүрген коллекционерлер де, ескі кітап іздеген интеллигенттер де бар.

Тиындар
Фото: KAZ.NUR.KZ

Тарихи жәдігерге айналып бара жатқан заттарды қазақстандықтар бағаламайды. Бұл -  оқытушылықты тастап осы кәсіппен айналысып жүрген мамандығы тарихшы сатушының айтысы.

Кітаптар
Фото: KAZ.NUR.KZ

Жайма базардағы кітап сатушысы қазақ және шетел авторларының кітаптарының құндылығына қарай бағалаған. Кітап сөресіне көбінесе шетел авторларының еңбектері тізілген.

Шайтан базардағы бірталай заттар қазір қолданыстан қалғанымен қоймай, аты ұмытыла бастаған. "Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан жаңа" деген қазақ мақалы сауда орнындағы бүгінгі жағдайға сай айтылғандай. Мәселен заманында таптырмас жез самаурындар қазір осы базарға сән беріп тұр. Бағасы көлеміне қарай 25 мың теңгеден басталады.

Самаурын
Фото: KAZ.NUR.KZ

Саудаланып жатқан кейбір заттар бүгінгі заман балаларына бейтаныс. Мысалы, кезінде дүкендерде калькуляторды алмастырған есепшот сатылымда тұр.

Шот
Фото: KAZ.NUR.KZ

Саудагерлер ескі заттарды ғаламтордағы, газеттердегі хабарландыру арқылы іздеп табатын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937577-estelikke-toly-almatydagy-saitan-bazarda-ne-satylady-foto/

pixel