Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде елімізде күн суытады деп күтілуде

Опубликовано:

Тұман
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ал республиканың қалған бөлігіне Мурманск аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды.

Салдарынан ел аумағына жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, солтүстікте ауа температурасы төмендейді.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер елімізде қазан айында ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Қазанның екінші және үшінші онкүндігінде Жерорта теңізі мен Орта Азия аудандарынан оңтүстік-батыстан жылы ауа массаларының шығарылуымен, жекелеген күндері жылудың қысқа мерзімді толқыны күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +19+25°С дейін жылынады. Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасының түнде -4-10°С дейін, күндіз -2+3°С дейін, оңтүстік жартысында – түнде -5+5°С дейін, күндіз +7+12°С дейін төмендеуі болжанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937622-aldagy-us-kunde-elimizde-kun-suytady/

pixel