Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында тау боп үйіліп жатқан сәбіз пен картоп үйіндісі елдің ашуын тудырды (видео)

Опубликовано:

сабиз
Көкөніс жинаған халық. Кадр: instagram.com/zhaloby_pavlodar/

Павлодар облысы Ақтоғай ауылының тұрғындары тау боп үйіліп жатқан сәбіз бен картопты видеоға түсіріп алған. Аталған жайттың мән-жайын Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тау боп үйілген көкөністердің видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірінде пайда болған.

"Лақтыра салып, артынша бағаны қолдан өсіреді. Сақтайтын жер болмаған сияқты", - делінген видеоға пікір білдірген автор.

Видеоны түсіріп тұрған тұрғын Павлодар облысы Ақтоғай ауылына көкөністерді "КамАЗ"-бен әкеліп төккенін айтқан. Кадрлардан адамдар үйілген сәбіз бен картопты қапқа салып, сұрыптап отырғанын көруге болады.

Желі қолданушылар аталған жайтты көріп, ашуға мінді.

"Адамдарға таратып бергені жақсы еді", "Тұрғындар тегін алып жатқанына рахмет айтыңдар", "Содан соң бағаны көтереді", "Сақтайтын жер болмаған ба?", "Кісілер таңдап алады, қалғанын малға береді", - деп жазды олар.

Желіде тарап кеткен видеоға қатысты Павлодар облысының ауылшаруашылық басқармасындағылар түсінік берді.

"Ауылшаруашылық өнімдерді жинау кезінде осындай шығындар болуы мүмкін. Мұны рефакция деп атайды. Әр көкөністің жалпы жиналған көлемінің пайыздық тұрғыда рефакциясы болады.

Сондай-ақ, сақтауға қояр алдында стандарттарға сай келмейтін картоп пен сәбізді өтімділігі төмен тауарларға жатқызады. Олар - ұсақ, зақымданған және тауарлық түрі сай емес көкөністер. Бұл барлық шаруа қожалықтарында бар тәжірибе. Тұрғындар мұндай көкөністерді сұрыптап, қажетіне жаратуына болады", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937640-pavlodar-oblysynda-tau-bop-uiilip-zatqan-sabiz-pen-kartop-uiindisi-eldin-asuyn-tudyrdy-video/

pixel