Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда бұрынғы депутаттың жанжал шығарған видеосы тарады

Опубликовано:

Жанжал
Видеодан кадр: t.me/Zanamiviehali

Әлеуметтік желіде Түркістанда түсірілген видео пайда болды. Онда көңіл көтеру орнында ер адамның жанжал шығарған сәті бейнеленген. Видеоны жариялаған желідегі парақшаның жазуынша, ер адам өзін "мәслихаттың VII шақырылымның депутаты" әрі "бұрынғы бандит" деп таныстырған. Бейнежазбаға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде тараған видеода ер адамның қатты айқайлап, бейәдеп сөздер айтқанын көруге болады. Ол өзін тоқтатпақ болғандардың біріне қол көтерген.

"Оқырманның сөзінше, видео Түркістанда түсірілген. Ер адам жанжал шығарып, қызметкерлерге тиіскен. Ол өзін "мәслихаттың VII шақырылымның депутаты" және "бұрынғы бандит" деп таныстырған", - делінген "За нами уже выехали" Telegram каналында.

Бейнежазбаға қатысты Түркістан облысының полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қазанда сағат түнгі бір шамасында полицияға көңіл көтеру ғимаратының қызметкерлерінен көмек қажет екені жайлы хабарлама түскен. Оқиға орнына тәртіп сақшылары аттанған.

"Шақырту орнына келген полицейлер жергілікті тұрғын ақы төлеуден бас тартып, жанжал шығарғанын анықтады. Құқықбұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материал сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ, ер адамның бұрын қалалық мәслихаттың депутаты болғаны, биыл наурыз айында өкілеттігі тоқтатылғаны анықталды", - деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937652-turkistanda-buryngy-deputatqa-uqsaityn-er-adamnyn-zanzal-sygargan-videosy-tarady/

pixel