Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қапшағайда қонақ үй әкімшісі жеңгетайлықпен айналысты деген күдікке ілінді (видео)

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: 056.ua

Қапшағайда қонақ үй әкімшісі жеңгетайлықпен айналысты деген күдікке ілінді деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қазан күні ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы қонақ үйлердің бірінде 40 жастағы әкімші қолға түсті. Полиция ол негізгі жұмысынан басқа жеңгетайлықпен айналысып, клиенттерге интимді қызмет көрсету үшін жеңіл жүрісті қыздарды ұсынды деп есептейді.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс СДТБТ-да Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937710-qapsagaida-qonaq-ui-akimsisi-zengetailyqpen-ainalysty-degen-kudikke-ilindi-video/

pixel