Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылаған бүлдіршін үшін өмірін қатерге тіккен қазақстандық ел ықыласына бөленді (видео)

Жарияланған күні:

1
Фото: Әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде көпшілік Тараз тұрғынының әрекетіне оң баға беріп жатыр. Жас жігіт жылап тұрған қызға көмектесу үшін балконға көтерілген. Оқиғаның мән-жайын Жамбыл облысының полиция департаменті баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде балаға көмектесу үшін балконға көтеріліп бара жатқан жігіттің видеосы пайда болды. Көпшілік оның әрекетіне сүйсініп, ісін ерлікке балады.

"Жарайсың", "Бұл кім екен?", "Батыр", "Мейірімді көрші, өрмекші адам", "Аллам разы болсын",- деп жазды олар.

Жамбыл облысы полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, 15 қазан күні Тараз қаласында кішкентай қыз үйінің балконына шыққан. Есік бірден жабылып қалып, ол ішке қайта кіре алмаған.

Көшеде өтіп бара жатқан жігіт жылап тұрған баланы көріп, өз өмірін қатерге тіге тұра, үйдің 4- қабатындағы балконға көтерілген. Ол пәтердің есігін ашып, дүкенге шығып кеткен анасы оралғанша бүлдіршіннің қасында отырған.

Құқық қорғау органдары қыздың ата-анасына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта полицейлер жігітті ынталандыру мәселесін қарастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937713-zylagan-buldirsin-usin-omirin-qaterge-tikken-qazaqstandyq-el-yqylasyna-bolendi-video/