Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ажырасқан әйелге үйленіп алды": Танымал блогер күйеуінен үйі мен көлігін қайтара алмай жүргенін айтты

Опубликовано:

Айгерім Ерғазы11
Айгерім Ерғазы. Фото: Instagram/yergazy_kz

Елге танымал маңғыстаулық блогер Айгерім Ерғазы он жыл отасқан күйеуімен жолы екіге айырылғанын мәлімдеді. 15 жасында тұрмысқа шығып, өнегелі келін атанған Айгерім күйеуінің өзімен заңды түрде ажыраспай жатып, екінші рет үйленіп алғанын өз Instagram парақшасындағы стористе сөз етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгерім Ерғазы - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы танымал блогерлердің бірі. Ол алғашында тәтті тағамдар дайындап, отбасылық өмір, келіндік міндеттер мен бала тәрбиесіне қатысты жазбаларымен танылды.

Сондай-ақ, Айгерім жылдар бойы төсек тартып жатқан қайын енесіне деген ерекше сыйластығымен оқырман жүрегін жаулаған болатын. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын енесінің жағдайын жасап, бабын келтірген оған көпшіліктің көңілі ерекше.

Отбасындағы кейбір келеңсіздіктерді Айгерім үнемі жазылушыларымен бөлісіп отырады. Ал күйеуімен ажырасатыны туралы ақпарат көпшілік үшін күтпеген жайт болғаны анық.

"Күйеуімнің сырттай жүріс жүретінін естідім. Тіпті, менімен заңды түрде ажыраспай жатып, екінші рет үйленіп алыпты. Жаңаөзенде кірпік жасайтын, ажырасқан бір балалы әйелге үйленді. Мен екі баламмен жерде қалмаймын, бастысы, ниетім түзу.

Ең өкініштісі, менің маңдай теріммен тапқан ақшаға алған үйім мен көлігімді бермей отыр. Ол маған балаларым үшін керек. Кезінде сол үйді қайын атамның атына жазғаныма өкінемін. Мен мұнымен тоқтамаймын, заң алдына барамын. Адал еңбекпен тапқан ақшамның бәрін күйеуіме жіберіп отырдым. Ал ол сыртта жүріс жүріп, менің денсаулығымды құртты", - дейді Айгерім Instagram-дағы сторизде.

Бүгінде көптеген блогер Айгерім Ерғазыға қолдау көрсетуде. Ол бұл жайтты соңына дейін жеткізуге мүдделі екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937719-azyrasqan-aielge-uilenip-aldy-tanymal-aqtaulyq-bloger-kuieuinen-uii-men-koligin-qaitara-almai-zurgenin-aitty/

pixel