Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вице-премьер вакцинация қарқынының төмен болғаны үшін әкім орынбасарларын жауапқа тартуды ұсынды

Жарияланған күні:

Вакцина
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкіметтің онлайн-отырысында коронавирусқа қарсы вакцинация қарқынының бәсеңдігі үшін өңірлердегі әкім орынбасарларын жауапқа тартуды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отырыс кезінде Ералы Тоғжанов 1 қыркүйектен бері Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау және Қостанай облыстарында вакцинациялау жоспарын орындау бойынша ең төмен көрсеткіш (10% - 13%) тіркелгенін сөз етті.

Бұл тұста ол Асқар Маминнің өңірлерге бірнеше мәрте осы бойынша ескерту жасағанын еске салды.

"Алайда бұл (тапсырма - ред.) тиісті деңгейде орындалып отырған жоқ. Бұл ретте өңірлердегі әкімдерге вакцинацияны ұйымдастыру бойынша Шығыс-Қазақстан облысының тәжірибесін назарға ала отырып, түпкілікті шараларды қолға алуды тапсырған жөн деп санаймыз.

Сонымен бірге, вакцинациялау жоспарын орындамағаны үшін әкімдік басшыларына жауапкершілік жүктеледі. Алдағы уақытта, вакцинациялау қарқынының төмен болғаны үшін жетекшілік ететін әкім орынбасарларын тәртіптік жазаға тарту шараларын қолға алған дұрыс", - дейді вице-премьер.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде вакцинациялау жоспары қайта қаралғанын және жоспар бойынша вакцинамен 11,4 млн тұрғынды қамту көзделгенін жеткізді.

Бүгінгі таңда екпенің 1-ші компонентін 8 млн-нан астам адам алған, яғни тиісті тұрғындардың вакцинамен қамтылуы 70,7%-ға немесе тұрғындар санының 42,7%-на тең.

Ал екінші компонентті 7,1 млн-нан астам адам алған, яғни бұл тиісті тұрғындардың 63%-ы немесе тұрғындар санының 38%-ы қамтылды деген сөз.

Одан бөлек, министр елімізде 20 қазаннан бастап карантиндік шаралар бәсеңдейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937768-vakcinaciya-qarqynynyn-tomen-bolgany-usin-endi-akim-orynbasarlary-zauapqa-tartylmaq/