Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахтинск қаласында 11 жастағы бала әкесінің көлігін айдап кетті

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Шахтинск қаласының тұрғыны жекеменшік үйінің ауласынан автомобилі ұрланғанын айтып, полицияға шағымданған. Алайда ол көлігін өзінің 11 жастағы ұлы айдап кеткенін естіп, қатты таңғалған, деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қазан күні Шахтинск қаласының 38 жастағы тұрғыны үйінің ауласында тұрған көлігін әлдекімдер айдап кеткенін айтып, полицияға арыз жазады.

Келтірілген залал құны 80 мың теңгеге бағаланған.

Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті қала көшелерінің бірінен тауыпты. Көлік рөлінде зардап шеккен азаматтың 11 жастағы ұлы отырған.

Баланың сөзіне сенсек, ол әкесінің көлігін жай ғана тізгіндеп қайтпақ болған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы -"Ұрлық" әрекеті бойынша іс қозғалған. Алайда іс құрамында қылмыс көріністері болмауы себепті тоқтатылыпты.

Айта кету керек, бұған дейін Қарағандыда да осыған ұқсас жағдай орын алған. Ер адам аулада тұрған көліктердің бірін өзінікі екен деп мініп кеткен.

Бір қызығы, оның көлігі айдап кеткен көліктің түсімен, маркасымен бірдей болған. Тіпті көлік кілті де өзгенің көлігіне тура келе кеткен. Полиция қызметкерлері тоқтатып, мән-жайды түсіндірген кезде ер адам аң-таң болып, қатты таңғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937853-saxtinsk-qalasynda-11-zastagy-bala-akesinin-koligin-aidap-ketti/

pixel