Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да 10 жылдан астам уақыт бұрын адам өлтірген әйел ұсталды

Опубликовано:

қылмыскер
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Шығыс Қазақстан облысында 10 жылдан астам уақыт бұрын адам өлтірген әйел ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2008 жылдың сәуір айында "Аягөз-Қарағанды" тасжолының бойында 35 жастағы Аягөз ауданы тұрғынының мәйіті табылған. Аса ауыр қылмысты ашу бойынша тергеу әрекеттері нәтиже бермей, қылмыскерді анықтау мүмкін болмады.

"Соған қарамастан полицейлер іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде, биылғы қазан айында Риддер қаласында тұратын 51 жастағы әйел ұсталды. Күдікті жиналған дәлелдер мен айғақтарды көргеннен кейін бірден қылмысын мойындады.

Өз сөзінде ол мұндай қадамға сүйіктісіне деген қызғаныштан барғанын жеткізді. Ер адам оның көзінше марқұмға тым көп көңіл бөлген. Бұған ашуланған әйел адам жәбірленушіні пальтоның белбеуімен қылқындырып өлтірді", - деді департамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Әйел 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938006-sqo-da-10-zyldan-astam-uaqyt-buryn-adam-oltirgen-aiel-ustaldy/

pixel