Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп оқушылары күзгі демалысқа қашан шығады

Опубликовано:

оқушы
Көрнекі фото: qazaqstan.tv

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылардың күзгі демалысқа қашан шығатынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Оқушылардың күзгі каникул уақыты да жақындап қалды. Қазіргі кезде барлық мектепте жиынтық бағалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Келесі аптада барлық негізгі пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалар қойылады. Кейін оқушылар демалысқа шығады. 1-7 қараша аралығында күзгі демалыс болады", - дейді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, мектеп оқушылардың басым бөлігі екі ауысымда оқып жатыр. Бірақ үш ауысыммен оқитын балалар да бар.

"Бүгінде оқушылардың 86,4 пайызы барлық санитарлық талапты сақтай отырып, штаттық режимде оқып жатыр. Аралас форматта - 11,6 пайызы, сондай-ақ, ата-аналардың өтініштері негізінде 0,6 пайызы қашықтан білім алуда", - дейді Білім және ғылым вице-министрі.

Осы орайда Шолпан Каринова сабақты онлайн форматта өткізу тәртібін түсіндірді.

Оның сөзінше, егер сыныпта оқушы көп болса, онда сабақты қашықтан ұйымдастыруға рұқсат бар. Әрбір мектеп өзі шешім қабылдайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде биылдан бастап мектеп қабырғасында спорттық секция өткізетін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне қосымша үстемақы төленетінін жазған едік.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынаш, спорттық секция жетекшілерінің жалақысына қосымша 17 мың теңге үстемақы қосылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938036-mektep-oqusylary-kuzgi-demalysqa-qasan-sygady/

pixel