Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуі шашынан сүйреп, кредит алғызды": Екі дипломы бар алматылық әйелдің тағдыры елді алаңдатты

Опубликовано:

зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: pixabay.com

"Human Rights Lawyers" қоғамдық қорының президенті Ләззат Рақышевадан өзіне араша сұрап хабарласушы әйелдер көп. Зорлық құрбандарының құқын қорғап жүрген ол бір емес, екі жоғары білімі бар алматылық әйелдің күйеуінен теперіш көріп, жантүршігерлік жағдайда өмір кешіп жатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләззат Рақышева Facebook-те тұрмыстық зорлыққа көніп, 10 жыл бойы күйеуінің сабауына шыдап келген әйел туралы хатты жариялады.

Екі бірдей дипломы бола тұра өз күйеуіне қор болып жүрген әйел туралы оның туған сіңлісі жазған.

"Менің әпкем 10 жыл бұрын өз махаббатына тұрмысқа шықты. Басында ата-анамыз қарсы болды. Оның күйеуі мүлде жұмыс істеп көрмеген, істемейді де. Ал әпкемнің екі дипломы бар. Бірақ оған жұмыс істеуге тыйым салған. 2-3 жыл бұрын балабақшаға жұмысқа тұрып еді, күйеуі жұмысына келіп тұрып, соққының астына алды. Келіп шашын жұлып, ұрған. Бірақ куә болған ел оны тоқтатып, сол жерде бір әйел полиция шақырмақшы болған. Жездем бірден қашып кетті. Ол менің әпкем жұмыс істемеуі үшін бәріне барады. Әдейі бетінен жұдырықпен ұрады. Әлі күнге дейін қол көтереді. Үш қызы бар. Оларға да жаным ашиды", - делінген хатта.

Тағдыры ауыр әйелдің сіңлісі тағы да бір жайттың басын ашты. Айтуынша, әпкесі күйеуінен тығып 170 мың теңге жинаған. Алайда әйел сол үшін де таяқ жеген.

"Ешкімге айтпай жүр еді. Күйеуі ақшаны тауып алып, тағы да ұрып тастады. Ал әпкем оның қарыздарын жабу үшін жинап жүрген болатын. Жездем жан-жақтың бәріне қарыз, бастан асады. Әпкемді кредит алуға мәжбүрледі, қорқытып, банкке шашынан сүйреп өзі апарған. Көлігінде де айыппұл жиналып қалған", - дейді бар жайтты қоғамдық қор президентіне ашық айтқан әйелдің сіңлісі.

Желі қолданушылары алматылық келіншекке полициядан араша сұрауда. Олар әйелдің неге әлі күнге полицияға шағымданбағанына таңғалған.

Ләззат Рақышеваның сөзінше, оқиға кейіпкері полицияға арыз жазуға қорқып отыр. Ол қазіргі сәтте әйелдің үш баласымен қауіпсіз жерге жеткізілгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938047-kuieui-sasynan-suirep-kredit-algyzdy-eki-diplomy-bar-almatylyq-aieldin-tagdyry-eldi-alandatty/

pixel