Жамбылда есірткі дайындап өткізген қылмыстық топ ұсталды
Жарияланған күні:
Жамбылда есірткі дайындаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.
18 қазанда республикалық “Қарасора-2021” жедел алдын алу іс-шарасы, сондай-ақ “Рефлекс-2021” өңірлік операциясын өткізу барысында Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлескен арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Оның барысында Жамбыл облысының аумағында “марихуана” есірткі құралын дайындаумен және оны республикамыздың басқа өңірлеріне өткізумен айналысатын адамдар тобына қатысты жедел ақпарат жүзеге асырылды.
Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша 39 және 51 жас аралығындағы барлығы 5 күдікті анықталды. Аталған ер адамдардың төртеу Байзақ ауданының тұрғындары, біреуі Тараз қаласынан болып шықты.
"Олардың тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ күдіктілердің бірінің өндірістік базасына тінту жасап, бір мезгілде жүргізілген ұстау операциясы барысында жалпы салмағы 1 келіден астам гашиш, 30 келіден асатын марихуана есірткі заттары, өсірілген каннабис өсімдігінің бұталары, илеуіш құралы және гашиш өндіруге арналған басқа да құрылғылар, сондай-ақ тіркелмеген 2 тегіс ұңғылы мылтық, 25 аңшылық және 16 травматикалық патрондар тәркіленді.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы өз кінәларын мойындап, Тараз қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған қылмыстық іс бойынша Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ және ТБ тәжірибелі қызметкерлерінен тергеу-жедел тобы құрылды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде" , – деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938111-zambylda-esirtki-daiyndap-otkizgen-qylmystyq-top-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.