Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде жалпы сомасы 19 млн теңге тұратын алтын мен гауһар тас ұрлағандар ұсталды

Жарияланған күні:

Ұрлықшы
Фото: ШҚО ПД

Өскеменде жалпы сомасы 19 миллион теңгені құрайтын алтын мен гауһар тас ұрлаған күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазан айының басында арам пиғылды азаматтар алдын ала сөз байласу арқылы есікке сәйкес келетін кілт тауып, Өскеменде орналасқан үйлердің біріндегі пәтерге кірген.

Олар үйден жалпы сомасы 19 млн теңгеден асатын алтын мен гауһар тас ұрлаған. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188- бабы 4- бөлігі (Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесінде полицейлер күдіктілерді анықтап, қолға түсірді. Олар Жарма ауданы Жаңаөзен ауылының 47 жастағы тұрғыны мен Өскемен қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамдар өз кінәсін мойындады.

Сондай-ақ, күдіктілердің бірі саяжайда қару сақтағаны белгілі болды. Сараптама оны өзін-өзі қуаттайтын 1014 калибрлі 9 мм-лік Streamer травматикалық тапаншасы деп тұжырымдады. Ол атуға жарамды.

"Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 287- бабы 2- бөлігі (Ұңғысыз атыс қаруын заңсыз сақтау) бойынша тағы бір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Санкция екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді",- деді Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938112-oskemende-zalpy-somasy-19-mln-tenge-turatyn-altyn-men-gauhar-tas-urlagandar-ustaldy/