RU

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарға қатысты соңғы мәліметтер жарияланды. Оған сәйкес, өткен тәулікте 1844 адамнан коронавирус анықталған деп жазады Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 185
  • Алматы қаласы - 309
  • Шымкент қаласы - 52
  • Ақмола облысы - 146
  • Ақтөбе облысы - 43
  • Алматы облысы - 158
  • Атырау облысы - 48
  • Шығыс Қазақстан облысы - 119
  • Жамбыл облысы - 31
  • Батыс Қазақстан облысы - 61
  • Қарағанды облысы - 150
  • Қостанай облысы - 123
  • Қызылорда облысы - 35
  • Маңғыстау облысы - 14
  • Павлодар облысы - 186
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 151
  • Түркістан облысы - 33.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 923 060-қа жетіп отыр.

Сонымен бірге, өткен тәулікте 1984 адам дерттен жазылып шыққан.

Қазіргі уақытта елімізде 51 318 адам COVID-19 инфекциясынан емделуде, оның ішінде 8 851 пациент стационарда, 42 467 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

634 адамның жағдайы ауыр, 165 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 103 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетсек, 20 қазандағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус жұқтырған 1683 адам тіркелген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938136-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-qaita-osti/