jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Көкшетауда мұғалім 1-сынып оқушыларының маңдайына "дәптер" деп жазып берген

Дәптер
Көрнекі фото: piqsels.com

Көкшетауда дәптерлерін үйде ұмытқан бірінші сыныптың 12 оқушысының маңдайына "дәптер" деп жазып берген мұғалім жұмыстан шығарылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Даулы оқиға Көкшетаудағы мектеп-гимназияның бірінде болған. Сабақ кезінде 12 оқушының дәптерін үйде ұмытып кеткені анықталған.

Осылайша, педагог балалардың маңдайына қаламсаппен "дәптер" деп жазып берген.

Білім беру мекемесінің басшылығы мұғалімнің мектепте биыл 1 қыркүйектен бастап сынақ мерзімінде жүргенін хабарлады. Десе де, педагогтің 27 жылдың тәжірибесі бар.

Болған жайтты білген мектеп әкімшілігі мұғаліммен сөйлесіп, артынша жұмыстан шығарған.

"19 қазанда Еңбек кодексінің 52-бабы 1-бөлігі 14-тармағына сәйкес (Тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасауы) еңбек шарты біржақты тәртіппен бұзылды", - дейді мектеп-гимназиясының әкімшілігі.

Ал Ақмола облысының білім басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіліп, шұғыл жиналыс өткенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта сыныпта оқу процесі жалғасуда. Балалармен психолог жұмыс істеді, ал ата-аналармен жиналыс өткізілді", - дейді ведомстводан.

Көкшетауда мұғалім 1-сынып оқушыларының маңдайына "дәптер" деп жазып берген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.