Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысы әкімдігін сотқа берген білім басқармасының экс-басшысы жаңа лауазымға ие болды

Опубликовано:

Ләззат Уразбаева
Ләззат Уразбаева. Фото: instagram.com/urazbaeva_lazzat_15

Жұмысынан жанжалға байланысты шығып қалған Ақтөбе облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Ләззат Уразбаева жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды "Диапазон".

Ләззат Уразбаева ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалған.

"Ләззат Аманжолқызы 19 қазаннан бастап жұмыс істеп жатыр. Ол осы қызметке тағайындалу үшін заң бойынша белгіленген конкурстық процедуралар мен әңгімелесуден өтті", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Жәпішев.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың 8 наурыз қарсаңында Ақтөбе облысының әкімдігі облыстық білім басқармасына Темір ауданының бұрынғы әкімі Жолдас Батырхан басшы болып тағайындалғанын мәлімдеген болатын.

Ләззат Уразбаеваның сөзінше, бұл туралы ол әлеуметтік желілер арқылы естіген. Сондай-ақ, өзін жұмыстан шығару туралы бұйрықты көрмеген. Оның айтуынша, микроинсульт алған соң ақпан айынан бастап денсаулығына байланысты демалыста болған.

Осыдан кейін Ләззат Уразбаева Ақтөбе облысы әкімдігінің аппаратын сотқа беріп, өзін қызметіне қайта тағайындап, мәжбүрлі түрде жұмыссыз қалған уақыты үшін жалақы төлеуді талап еткен.

Алайда педагогтің талабы қанағаттандырылмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938455-aqtobede-zanzalga-bailanysty-qyzmetinen-ketken-bilim-basqarmasynyn-eks-bassysy-zana-lauazymga-ie-boldy/

pixel