Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді соғыстағыдай сезіндім": QazVac вакцинасын әзірлеушілердің бірі екпе тарихын айтып берді

Опубликовано:

Қуандық Жүгінісов
Қуандық Жүгінісов. Видеодан кадр: BAQ.KZ Youtube каналы

"Желмая" жобасына сұқбат берген Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ микроағзалар коллекциясы зертханасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), ғалым, QazVac вакцинасын әзірлеушілердің бірі Қуандық Жүгінісов отандық екпенің дайындалу тарихын айтып берді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қуандық Жүгінісовтің айтуынша, аз уақытта жоқты бар ету ғалымдарға оңайға соқпаған.

"Әрине, вакцина дайындау оңай шаруа емес. Елімізде локдаун жарияланған уақытта, былтырғы жылдың наурыз айында мемлекет басшысынан шұғыл түрде отандық вакцинаны дайындау керек деген мазмұндағы жарлық келді. Вирусология саласы бойынша Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ 60 жылдан астам тарихы бар бұрыннан келе жатқан ғылыми орталық екені белгілі. Жарлық қолға тиген соң орталық директоры Күнсұлу Дальтонқызы "Індетпен қалай күресеміз? Вирусқа қарсы не істей аламыз?" деген мәселені алға қойды", - дейді жас ғалым.

Ел басына күн туғанда ғылыми-зерттеу институты вируспен күресуге бірден бел шеше кіріскен.

"Содан бес түрлі вакцина дайындаймыз деп шештік. Осы инактивтелген вакцинадан көп үміт күттік. Өйткені бұл вакцина бұрыннан келе жатқан, өзін ақтаған, құс тұмауы бойынша орын алған пандемияда сенім ұялатқан еді. Екпенің технологиясы бұрыннан болды", - дейді Қуандық Жүгінісов.

Алайда ғалым штамды қайдан аламыз деген сұрақ туындағанын жасырмады.

"Ел карантинге жабылған күні түнде Күнсұлу Дальтонқызы хабарласып, бір сағатта жиналуымды өтінді. Өзімді соғыс жағдайындағыдай сезіндім. Полицияның алып жүруімен Алматыға жолға шықтық. Осылайша, ауруханалардың біріне барып, коронавирусты алғаш жұқтырған адамнан штам бөліп алдық", - дейді ол.

Одан кейін орталықтың ғалымдары үшін өте жауапты жұмыс басталған.

"Клиникалық материалды түтікте (пробирка) өсіріп, вирусты бөліп алып, геномдық аражігін ажыратып, талдау жасадық. Коронавирус екені анықталып, зертханалық үлгі дайындалды. Жануарларға салынды. Оларда бәрі дұрыс болған соң, ғалымдар өздеріне салды. Еріктілерге салмас бұрын Ұлттық сараптама орталығында жануарларға тағы бір мәрте сынақ өткізілді. Одан кейін барып қана адамдарға клиникалық сынақ жасауға рұқсат берілді", - дейді зертхана меңгерушісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938522-ozimdi-sogystagydai-sezindim-qazvac-vakcinasyn-azirleusilerdin-biri-ekpenin-tarixyn-aityp-berdi/

pixel