Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңіл жүрісті болып шықты": Алматылық жігіт сүйіктісінің кім екенін білмегеніне өкінді

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Сүйіктісі эскорт қызметін ұсынып жүргендердің бірі екенін біліп қойған Алматы қаласының тұрғыны өзгелерден өз қателігін қайталамауға шақырды. Айтуынша, ол осы уақытқа дейін ғашығының өзгелерге интимдік қызмет көрсетіп жүргенінен бейхабар болған, деп жазады "Экспресс К".

Басылымға сұқбат берген алматылық жігіт атын атамауды сұраған. Оның сөзінше, сүйіктісі Мариямен Алматы қаласында барда танысқан. 23 жастағы бойжеткен ашық-шашық киінбегендіктен, ол арудың жеңіл жүріске салынғандар қатарынан екенін мүлде байқамаған.

Жастар бір-бірін түсінісіп, өзара нөмірлерімен алмасқан. Артынша, аз уақыттан соң екеуі бір-бірін ұнатып, кездесе бастапты. Көңіл жарастырғандарына жарты жыл болғанда, бойжеткен жігітке қонақүйде әкімші болып жұмыс істейтінін айтыпты. Алайда жігіт әкімші болып жұмыс істейтін бойжеткенде қымбат көлік барына бірден назар аударып, көңілінде күдік пайда болғанын жасырмайды. Себебі, қымбат көліктен бөлек, оның телефоны да, киімдері де бағалы болған екен.

Ол сүйіктісінде үнемі ірі сомада қаражаты болатынын да тез байқаған. Сондай-ақ, телефонына кім хабарласқанын да ұдайы жасырын ұстаған, дейді жігіт. Кейде оған айтпай, кешкі уақытта хабарсыз кететін әдет шығарған.

"Бір күні Маша душқа түсіп жатқанда, мен оның телефонын қарай бастадым. Қарасам, оған келген смстерде шек жоқ. Жазғандардың көбі - ер адам және интимдік кездесуге шақырғандар. Осылайша, мен Машаның екінші нөмірі бар екенін Get Contact арқылы анықтадым. Онда ол нөмір "Настя Эскорт" есімімен сақталған. Осыдан кейін мен оның кім екенін нақты білдім", - дейді ол.

Алданған жігіттің сүйіктісі жігітіне барлық шындықты өзі айтыпты. Алматы облысының тумасы мұндай қызмет көрсету арқылы жағдайын да жасап үлгерген екен. Мұндай ашық әңгімеден соң алматылық жігіт сүйіктісімен қарым-қатынасын жалғастыруды жөн санамағанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938594-zenil-zuristi-bolyp-syqty-almatylyq-zigit-suiip-qalgan-qyzynyn-kim-ekenin-bilmegenine-okindi/

pixel