Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында аспанға оқ атқан жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

оқ атты
Видеодан кадр: sergek_kaz

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қаскелең қаласында түсірілген видео тарады. Видеодан жүріп бара жатқан көліктен жас жігіт шығып, аспанға оқ атқанын байқауға болады. Бұл жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері желіде тараған видеодан кейін тексеру-іздестіру шараларын жүргізген.

Нәтижесінде аталмыш жайттың 23 қазан күні шамамен сағат 17.30-да Қаскелеңдегі Абылай хан көшесінде той алдындағы серуен кезінде болғаны анықталған. Аспанға оқ атқан 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 293 бабы, 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал ол отырған Mercedes көлігі айып тұрағына қойылып, Әкімшілік кодекстің 590 бабы, 2-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу) бойынша хаттама толтырылған.

Айта кетейік, жас жігіт өз әрекеті үшін кешірім де сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938639-almaty-oblysynda-aspanga-oq-atqan-zigittin-ustinen-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel