Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған бәрібір": Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы өзін "толық" деп сөккендерге жауап берді

Опубликовано:

Зайда Жаңабаева
Зайда Жаңабаева жолдасымен. Фото: instagram.com/5rochka/

Нигериялық азаматпен бас қосқан атыраулық келіншек Зайда Жаңабаева "толық болғандықтан қазақ жігіті алмады" деп топшылаған жандарға жауап берді. Ол осы қалпында бақытты екенін және дене мүсініне көңілі толатынын айтып, желіде жазба қалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жалпы соңғы кезде менің салмағымды, мүсінімді әңгіме қылып жүргендер көп. Арықтау тәсілдерін айтып, кеңес беріп жатыр. Қазақтар мені алмайтын еді дейді, себебі олар үшін тым толық екенмін. Бұл сөздеріне тым сенімді. "Алмайды оны, енді не істейді?!" дейді. Ал мен болсам, осы кісілердің ойында не бар екен деп таңғалам. "Ол толық, қазақтар алмайды, оларға модель керек" деу арқылы олар нені дәлелдегісі келеді?

Тіпті соңғы кездері нутрициологсымақтар хабарласып, "көмек керек емес пе?"деп сұрайтын болыпты", - дейді Заида.

Айтуынша, ол елдің мұндай көмегіне мүлде мұқтаж емес, себебі өзін осы қалпында жақсы сезінеді.

"Менің денем, мүсінім маған өзіме ұнайды. Ал сіздердің пікірлеріңіз бен кеңестеріңізді елемеймін. Қазақтарға да толық қыздар ұнай ма-ұнамай ма, маған бәрібір", - деп жазды ол.

Зайда, сонымен бірге, қыздарға өзін өзі жақсы көру керектігін ескертті.

"Бастысы, өзіңізді өзіңіз жақсы көріңіз. Бұл сезіліп тұрады. Адам өзін өзі жақсы көрсе, бұл оның жүзінен көрінеді.

Сенімді болу, өзіңді қабылдау, өзіңнің қазіргі қалпыңнан ләззат ала білу - керемет нәрсе.

Шыны керек, осы уақытқа дейін көптеген сымбатты жігіттер маған сөз салған", - деген музыкант қыз өзгенің жүрегін жаулау үшін әйел өзін ханшайымдай сезіну керектігін баса айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938649-nigeriyalyq-azamatqa-turmysqa-syqqan-qazaq-qyzy-ozin-tolyq-dep-sokkenderge-zauap-berdi/